Бүгінгі таңда облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Қолайлы эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін өткен жылы барлық жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Яғни, малдың аса қауіпті ауруларына қарсы тұрақты иммунитетті қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев айтып берді.
Жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлінеді
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекті қабылдауына Қостанай қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлдіру мәселесі бойынша жүгінді.
Қостанайлық алты оқушы Гонконг университеттеріне грант ұтып алды
Дарынды оқушыларға арналған «Білім – инновация» Қостанай лицейі озат оқушыларымен танымал. Соңғы жылдары лицейдің жоғары сынып оқушылары республикалық және халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанып жүр. Биыл лицейдің 6 түлегі әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіретін Гонконг университеттерінде тегін оқуға грант иеленіп отыр.
Мүдделестер қызметінде мін бар ма?
Мемлекеттік қызметшілер мен журналистердің мақсаты бір – қоғамға қалтқысыз қызмет ету. Осы екі сала өзара қарым-қатынас кезінде қандай мәселелерге тап болады? Ақпарат алмасуда қандай кедергілер бар? Кейбір орган өкілдері неге тілшілермен байланыс орнатудан басын ала қашады? «Мемлекеттік қызмет имиджі БАҚ көзімен» аталған жиында осы және басқа да түйткілдер сөз болды.
Ағайындылар зор олжамен оралды
Таяуда Сербия елінде ММА-дан әлем чемпионаты өткен еді. Дүниежүзінің алпыс елінен жекпе-жекшілер қатысқан айтулы додаға Жітіқара ауданынан барған ағайынды Ыдырысовтар олжалы келді. Ыдырыс ( атасымен аттас екен) 68,5 келідегі қарсыластарының арасында үздік деп танылды. Алтын медальді еншілеген бауырының жолын Шыңғыс қола жүлдемен түйіндеді.
Жастарға зор үміт артылады
Кеше ғана «Тобыл» футбол командасының қатары өз түлектері Бейбіт Ғалым мен Бекзат Ермекбаевпен толыққан болатын. Маусым басталар тұста сол жігерлі жастарымыздың бірі Бекзатпен әңгіменің орайы келді.
Өңірдегі ұлттық өнердің бойтұмары. Әйгілі «Ақжелеңнің» концерті өтті
Астықты аймақтың өнердегі бойтұмары «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мерейтойлық концертін көрермен көптен күтті. Залда өзгеше бір атмосфера орнады. Елдің құрметі мен сағынышы сезіліп тұрды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылып, мәдениеттегі бойтұмарына айналған өнер ұжымы отыз жыл бойы Тобыл-Торғайды жерін әсем әуенімен әлдилеп қана қоймай, өңір өнеріне зор серпін беріп, шуағын шаша білді. Кәсіби ұжым үлкен аманат арқалап, […]
Бизнес үшін қайтарымсыз грант алуға өтініш қабылдау басталды
Елімізде бизнес-идеяңыз үшін мемлекеттен қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдау басталды. Өтінішті Business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.
Облыста мал ұрлығы азайған
Өткен жылы облыстағы мал ұстаушылар 157 млн теңгеден астам шығынға батты. Олардан 710 бас мал ұрланған. Оның 288 басы – жылқы, 43-і – ірі қара, 379 басы – қой. – 2021 жылға қарағанда 2022 жылы мал ұрлығы біршама төмендеді.
Рудныйлық егіздердің жұмбақ өлімі Мәскеуде зерттеліп жатыр
Алты жасар ағайынды Әмір мен Ілиястың қазасының себебі әлі нақты анықталмай отыр. Рудный полиция басқармасының бастығы Болат Иманов халыққа есеп беру кездесуінде осы мәселеге тоқтала өткен, деп хабарлайды iagorod.kz сайты. Былтыр басқарма бастығы шетелде қосымша сараптама жүргізілетінін мәлімдеген. Бүгін сот-медицина сараптамасы Мәскеуде жасалып жатқанын нақтылап айтты.