1991 жылдан бері Қазақстанға қанша қандас көшіп келді?

1991 жылдан бері Қазақстанға қанша қандас көшіп келді?

2024 жылда 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 142,7 мың этникалық қазақ оралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8 пайызы Қытайдан, 39 пайыз – Өзбекстаннан, 5,9 пайыз – Моңғолиядан, 5,2 пайыз – Түрікменстаннан, 2,9 пайыз – Ресейден және 1,2 пайыз басқа елдерден.

“1 қазандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі – 57,6 пайыз, еңбекке қабілеттілік жасынан кіші – 33,1 пайыз және зейнеткерлер 9,3 пайыз болады. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9 пайызы жоғары білімді, 24,4 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3,3 пайызының білімі жоқ”, – делінген хабарламада.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған.

фото: qandastar.kz

Жаңалықтармен бөлісу