“Қарызсыз қоғам” жобасының игілігін бүкіл ел көруі қажет

“Қарызсыз қоғам” жобасының игілігін бүкіл ел көруі қажет

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Бірқатар мәселелерді айта келе, Президент азаматтардың қаржы сауатын арттыру бойынша «AМАNAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті.

«Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AМАNAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ауыл-аймақты дамыту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені баса айтты.

«Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуға тиіс», – деді ол.

СабыржанТасмағанбет ,

«AMANAT» партиясының Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы

Жаңалықтармен бөлісу