Алтынсариндік Ермагамбетовтер отбасы «Мерейлі отбасы 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды. Әлтай мен Злиқа бүгінде он бала тәрбиелеп, олардан он тоғыз немере, бір шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Отбасының әр мүшесі қоғамдық жұмыстарда белсенді. Жыл сайын аудан, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып жүр. Қыздары Жансаяны әлем таниды десек болады. Ол – 2022 жылы Абу-Даби қаласында өткен жекпе-жек спорт түрінен әлем чемпионатында 3 орынға ие болған. Әрі еліміздің чемпионы.
Бұл байқауға өңіріміздің аудан-қалаларының жеңімпаздары қатысқанын айта кетейік. Солардың бірі аманкелділік Тоқкулиндер отбасы. Мәмбет Рахымбайұлы Жамал Құрмансейітовалар алты бала тәрбиелеп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған отбасы. Қазіргі уақытта олардан 19 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Мәмбет Аманкелді ауданының коммуналдық шаруашылық мекемесінде басшылық қызметін атқарған. 1983 жылы Торғай облысы бойынша Қызыл туды жеңіп алған. «Аманкелді ауданының 90 жылдығы» медалімен марапатталды. От анасы Жамал «Қазақстан Республикасының Халық ағарту ісінің үздігі» медалімен марапатталған. «Қалдырған ізің мәңгілік» атты Аманкелді ауданы білім саласының даму тарихы кітабына енген. 2020 жылдан «Күміс алқа» иегері. «Ана өмір шуағы» атты жобаға түскен. Қыздары Алтынгүл Мамбетқызы да аяулы ұстаз. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табысты еңбегі үшін облыстық Грамотасы, Республика BILIMTIME.KZ ұстаздарға арналған әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының I дәрежелі жеңімпазы. Облыстық Қашықтықтан оқытуға арналған бейне сабақтарды дайындағаны үшін алғыс хатымен марапатталған. Қыздары Алма Қазақстан Ресей университетін Қарағанды қаласында тәмәмдаған. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай білім беру саласындағы елеулі еңбегі мен жетістіктері үшін алғыс хатпен марапатталған. Ұлдары Ербол Қарағанды медициналық университетін аяқтап, Израиль қаласында абдоминальды хирургиядағы инновациялық технологиялар сертификатын иеленген білікті дәрігер. Қыздары Ардақ медицина қызметкері, Арқалық қала әкімінің Алғыс хатына ие. Ұлдары Ержан білікті заңгер, Аманкелді ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Байқаудың марапаттау рәсімінде қоғамда үлгі болып жүрген жас отбасылардың да есімдері аталды. Солардың бірі арқалықтық Ерәділовтер отбасы.
Азамат Қабденұлы Арқалық қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға бапкері, қазақ күресінен ҚР спорт шебері, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері, қазақ күресінен ҚР ұлттық спорттық төрешісі, бірнеше рет «Үздік бапкер» атанған және де көптеген алғыс хаттармен марапатталған.
Жолдасы Гүлден Ақзабайқызы Арқалық политехникалық колледжінде ұстаз. 2018 жылы Жаңашыл педагог атанған, Арқалық қаласы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған. Тәрбиелеп отырған тұңғышы Айару Кейкі батыр атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, информатика, ағылшын тілі және интелектуалды олимпиада ойындарының жүлдегері. Ұлы Нұрасыл аталған мектептің 7 сынып оқушысы, Арқалық қаласының ашық біріншілігінде жүлделі орындарды жеңіп алған жас спортшы. Кіші қыздары Әмина 2 сынып оқушысы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев