«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде еліміздің жол жамылғысын сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін еске салады.
Мәселен, Қостанай облысында бұл шектеу маусымның бірі мен тамыздың он бесіне дейінгі аралықта сағат 10:00 мен 21:00-ге белгіленіп отыр.
Бұл шаралар күндізгі ауа температурасы жоғары кезеңде асфальт төсемінің бұзылуына жол бермеу үшін қабылданады. Ыстық ауа райында жол жамылғысы ауыр салмақтың әсерінен оңай деформацияланып, салдарынан ойық-шұңқыр пайда болуы мүмкін.
«Жазғы шектеулерді сақтау автомобиль жолдарының қызмет ету мерзімін ұзартуға, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын шығындарды азайтуға, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық тасымалдаушыларды белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және енгізілген шектеулерді ескере отырып өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады», – делігнен ресми мәлімдемеде.