Зияткерлік мектебінің жоба авторлары жеңімпаз атанды

Зияткерлік мектебінің жоба авторлары жеңімпаз атанды

Білім беру ұйымдарында стартаптар пәні енгізілген. Соған қарамастан стартап жобалары облысымыз үшін әлі де тың сала. Бұл бастаманы көптеген адамдар бизнеспен ғана байланыстырады. Біздің өңірде облыстық қоғамдық даму басқармасы үшінші жыл қатарынан өскелең ұрпақ арасында жобалардың дамуына жол ашып, қолдап келеді. Оның бастапқы капиталына бюджеттен қайтарымсыз қаражат та бөлуде.

Наурыз айында стартап жобаларды оқу блогына онлайн тіркеу басталды. Оқу блогына жүзге жуық адам жазылса, байқауға облыстың 10-нан астам ауданынан 30-ға жуық команда стартап жобаларын ұсынып, қатысып үлгерген. Маусым айында финал өтті, онда конкурстық комиссия мүшелері стартап жобалардың дайындығын бағалап, олардың ішінен үш жобаны іріктеп, бір миллион теңге көлемінде қаржыландыратын болды. Байқау нәтижесінде бірнеше жоба авторлары жеңіске жетіп, бір миллион теңге қаржыға ие болды.

Олардың қатарында «Onay oqu» оқуға түсуге көмек көрсету алаңы бар. Авторлары – Мейірхан Ысмағұлов, Дария Шүнішева, Санжар Құстәулетов, Әлібек Молдағалиев, Дариға Шағаева, Ботагөз Хакімова және Арлан Мырзабеков.

– «Oñay oqu» қосымшасы «Caspian Startup 2023» байқауына орайластырылған біздің алғашқы стартап жобамыз. Осы байқаудың 2 кезеңінен өткеннен кейін біз финалға шығып, Ақтау қаласына бардық, онда тек Қазақстанның ғана емес, Әзербайжан сияқты басқа да елдердің балаларымен кездестік. Біздің қосымшамыздың мақсаты – Қазақстанның ғана емес, ТМД елдерінің түлектеріне университеттерге түсу кезінде көмектесу. Біздің стартаптың басты ерекшелігі – талапкерлер үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттер туралы барлық қажетті ақпаратты жинадық, осылайша олар қалаған университетке түсу критерийлерін, өз елінің ғана емес, сонымен қатар шетелдегі университеттердің талаптары мен мерзімдерін біле алады. Қосымшада шетелде тегін оқу жолдары туралы ақпаратқа толы. Мектеп оқушыларының сұранысынан туындаған. Сондықтан, біз бұл мәселенің шешімін тауып, барлық түлектердің өмірін жеңілдетіп, пайдаланушылар университеттер, қажетті халықаралық емтихандар туралы барлық қажетті ақпарат пен тәлімгерлерден көмек ала алатын дайын қабылдау платформасын ұсынуды шештік, – дейді авторы Мейірхан Ысмағұлов.

Мейірхан Ысмағұлов Қостанай НЗМ физика пәнінің мұғалімі. Сабақтан тыс уақытта студенттермен түрлі жобалар бойынша жұмыс істейді. Бұл бастама оның бастамасымен жасаған көптеген жобалардың бірі. Команда мүшелері жыл сайын жобаны одан әрі дамыту үшін ақша іздеп, түрлі конкурстарға қатысады екен. Сондықтан «qostanay it hub» өткізген облыстық «pizza pitch» байқауында 1 орын алған. Ол жерде 100 мың теңге ұтып алыпты.

– Бұл ақшаның бір бөлігін жарнамаға және университеттердегі жазғы бағдарламаларға қатысты алғашқы онлайн консультацияны өткізуге жұмсадық. Бұдан әрі жақында біз «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқау-
ына қатысып, 1 млн теңге жүлдеге ие болып, 1 орынды иелендік. Қазіргі уақытта жоғары сынып оқушылары арасында сауалнамалар мен сұхбаттар жүргізіп, жобаны дамытуды жалғастырамыз. Конкурстардан басқа, білімімізді кеңейту үшін түрлі тренингтерден өттік, – дейді ол.

Бұл байқауды «Қостанай облысы бойынша «Жастар Рухы» қоры» корпоративтік қоры «Жастардың кәсіби дамуы мен сыни ойлауын қалыптастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында жүзеге асырған.

Айтолқын Айқадамова

 

Жаңалықтармен бөлісу