Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үздік жобаның иесі «Парыз» байқауында белгілі болатынын хабарлады. Биылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау облыста бүгін өз бастауын алды.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлық қарастырылған.
«Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдардыжергілікті атқарушы органдарғақағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады. Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыс кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз», – деп хабарлайды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Өтінімдерді қабылдау уақыты 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.Толық ақпарат алу үшін 8 (7142) 501920 телефоны бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласыңыздар.