Биыл жалпы сомасы 22 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру бойынша 69 жоба жүзеге асырылуда, өсім – 16%.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс басшысы 2023 жылдың соңына дейін 37 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтып өтті.
“Ауылдық жерлерде жыл соңына дейін 19 ауыл орталықтандырылған су құбырына қосылып, 12 елді мекенге су беру жақсартылады, 8 ауылға су тазарту және тарату пункттері орнатылады. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам тұрғынды құрайтын 15 ауылда әкелінетін суды тарату пункттері орнатылады”, – деді Құмар Ақсақалов.
Осылайша 2023 жылдың соңына қарай ауыл тұрғындарының 86,6 пайызына сапалы ауыз суға қол жеткізбек, бұл дегеніңіз – 354 ауыл.
Қостанай өңірінде жылу желілері де жаңартылып жатыр. Осы жылы жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға жалпы сомасы 14 млрд теңге бөлініп, 19 жоба жүзеге асырылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 есе артық көрсеткіш. Барлығы 21,4 км жылу желісі қайта жаңартылып, құбырлардың тозуы 2,5% азайтылды.
“Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатымен 2029 жылға дейін жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43 пайызға дейін төмендету жұмыстары жалғасатын болады. Осы жобаларды іске асыру тозуды тағы 1,2% төмендетуге мүмкіндік береді”, – деп тоқталды облыс әкімі.