Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға биыл ауқымды мақсат қойып отыр. Жұмыс орындарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалаудың уақыты жетті.
Мектептерде 1000 бейіндік сынып ашу көзделді. Дуальды оқытуды бизнеспен бірге енгізу жоспарланды. Осылайша, жаңа мамандықтар атласы құрылып, жастардың болашағына жарқын жол ашқалы тұр.
Жұмысшы мамандықтарын қалыптастыру – ел экономикасының айқын болашағы. Білікті мамандар құрылыстан бастап, ІТ-ге дейінгі негізгі салаларда өсуді қамтамасыз етеді.
Бұл қадамның қоғамдағы жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлап, тұрақты экономиканың өсуіне, Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға септігі зор.
Альмира Жансүгірова,
Қазақстан мәслихатының құрметті депутаты,
Әулиекөл ауылшаруашылығы колледжінің директоры