Жолдағы жағдай жоғарыдан бақыланады

Жолдағы жағдай жоғарыдан бақыланады

Тәртіп сақшылары ұшқыштың көмегінсіз полиция, ТЖД қызметіндегі дрон аппараттарымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алды.

Дәлірек айтсақ, ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде прокуратура, ТЖД, полиция қызметкерлері қауіпті учаскелер саны көп республикалық автожолдарда бірлескен жобаны сынақтан өткізді.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл аппараттар 50 шақырым қашықтықты бағындыра алады. Жылдамдығы сағатына 100 км. Демек, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы мен мемлекеттік нөмірлерді 2 шақырымға дейінгі қашықтықта тіркей алады.

Екі күндік сынақ барысында қарсы қозғалыс жолағына шыққан 6 жүргізуші ұсталды, олардың біреуі заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асырған.

Барлығына алты айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мысалы, 15 қыркүйек күні түстен кейін квадрокоптер Jac Sanray көлігінің 35 жастағы жүргізушісінің “қарсы жолаққа” шығу фактісін тіркеді. Полицейлер оған қатысты материалды фото және видео дәлелдермен сотқа жіберді.

Бұл құрылғының көмегімен полицейлер өрескел заң бұзушылықтардан басқа, қауіпсіздік белдігін тақпайтындарды, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесетіндерді де анықтай алады.

Полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу