Жол сапасы жақсарып келеді

Жол сапасы жақсарып келеді

Облыс орталығының бірқатар көшелеріне өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Содан бері өңірдегі жолдың сапасы едәуір жақсарып келеді.

2023 жылдың қорытындысында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5 пайызға жеткізілді. Сондай-ақ, жол мен материалдар сапасына сараптама жүргізу мақсатымен аймақ бойынша 261 нысанға ішінара тексеу жүргізілді. Бұл туралы “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК Қостанай облыстық филиалының директоры Рафис Зинетов хабарлады.

Оның айтуынша, республикалық маңыздағы жолдар бойынша 29 нысанға ішінара тексеру жұмыстары жүргізілген.

“Филиал мамандары 166 рет жолға шығып, 643 сынама алған. Тексеру барысында 199 ақау анықталған. Тапсырыс берушілерге анықталған кемшіліктерді жолдай отырып, нәтижесінде 22,6 млн теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал жергілікті жолдар бойынша 232 нысанға ішінара тексеру жүргізіліп, филиал мамандары тарапынан 542 рет жолға шығу тіркелді. Нәтижесінде 1984 сынама алынған. Сонымен қатар, арнайы тексеру кезінде 561 ақау белгілі болды. Тапсырыс берушілерге анықталған кемшіліктерді жолдай отырып, соның арқасында 225,3 млн теңгеге қалпына келтіру жүргізілді”, – деді Рафис Зинетов.

Жаңалықтармен бөлісу