Жол ережесін бұзушылар азаяр емес

Жол ережесін бұзушылар азаяр емес

Қостанай облысында аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен 57 мыңнан астам жол ережелерін бұзғандар тіркелді. «Қауіпті жүргізушілерді» және жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау үшін сәуір айынан бастап Қостанай облысында патрульдік полицейлердің планшеттерінде орнатылған «Қорғау» және аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған «Автоураган» іске қосылды.

Қостанайда патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» көмегімен 38 жастағы «EXEED» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. РФ азаматы 5 ай ішінде жылдамдығын 56 есе асырып, «Автоураган» объективіне түскен. Айыппұл сомасы 1,2 млн. теңгеден асты.

Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 1982 жылы туған Ресей азаматы тізгіндеген «Ваз 21099» маркалы автокөлігін ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Автоматты түрде тіркеу құралдарымен 207 мың теңге сомасына 7 жол қозғалысы ережесінің бұзғандар анықталды.

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, цифрландыруды енгізудің арқасында жол қауіпсіздігі сақталады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері де азаяды. Полиция полковнигі жақында  облыс аумағында «Сақтандыру полисі» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанын да атап өтті. Іс-шара сақтандыру полисі жоқ автокөліктерді басқаратын жүргізушілерді анықтауға, сондай-ақ жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған.

Екі күн ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша жауапкершілікке 1,1 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 60 жүргізуші тартылды. 38 көлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Сонымен қатар, ведомствода уақытша немесе тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтары ғана емес, міндеттері де бар екенін еске салады. Мәселен, көші-қон заңнамасына сәйкес, заңдарды бірнеше рет бұзып, жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін оларды заңғы тартады. Мұндайда оларды елден шығаруға дейін әкімшілік тәртіп те қолданылуы мүмкін.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

Жаңалықтармен бөлісу