Оқиға 30 шілде күні болған. “Қостанай-Введенка” автожолының 77 шақырымында 28 жастағы Мерседес автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмаған. Нәтижесінде-ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
ВАЗ-2110 жүргізушісі және үш жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды, олардың екеуі кәмелетке толмағандар.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.