Бүгін Рудный-Қашар автожолының 21 шақырымында 53 жастағы жүргізуші “Мерседес” маркалы автокөлігінің рөліне ие бола алмай, кюветке аударылды.
Оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Жүргізушінің өзі және тағы үш жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес “Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады .
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Ауа-райының нашарлауына байланысты ведомство жүргізушілерге жазғы резеңкенің қысқы резеңкеге ауысуы, сондай-ақ көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Жылдамдықты асырмаңыз, алда келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты сақтаңыз, басып озу кезінде жасалған маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз.