Арқалық қаласы және қалаға қарасты ауылдар бойынша 29 референдум учаскелері тіркелген.
Оның 12 – і қалада, 17 – і ауылдық мекендерде. Референдумға қатысады деп күтілген азаматтардың тізімі 22 мың 500 адамнан астам.
«Референдум белсенді түрде өтіп жатыр деп айтуға болады. Ауылдарда халық саны аз болғандықтан ол жерлерде мұндай науқандарды өткізу оңайырақ. Дей тұрғанмен қала учаскелерінде де жалпы алғанда көрсеткішіміз жақсы. Президент Жолдауында жарияланғаннан кейін бір айдан астам уақыт ішінде дайындық мерзімі болды. Аумақтық референдум комиссиясын қоса есептегенде 186 референдум комиссия мүшелері санатта. Дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Облыстық референдум комиссиясы ұйымдастырған семинарларға қатыстық. Оның деңгейі өте биік болды. Интерактивтік технологияларды пайдаландық. Алған тәжірибемізді жергілікті жерде жүзеге асырып, өзімізде оқу-тәжірибе жұмыстарын жүргіздік. Шақыру қағаздарын тараттық. Ақпараттық-насихат жұмыстарын да жүйелі түрде жолға қойдық. Кез келген референдумға қатысушы QR-код арқылы еніп, референдум туралы барлық мағлұматтарды алуына қолжетімді болды», – дейді Арқалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетов.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы