Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған болатын. Онда тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру көзделген.
Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда. Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына КМ RanClub жүгіру клубымен бірлесіп, плогинг форматында жүгіру марафонын өткізді. Қатысушылар жұдырықша жұмылып, шағын аудандардың айналасын күл-қоқыстан арылтты.
Плоггинг (плоггинг) – қоқыстарды жүгіріп жинаумен үйлесетін экологиялық қозғалыс.
Оған еріктілер, КМ RanClub клубының қатысушылары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және аудан жастары қатысты. Ең алдымен плогинг қатысушылары марафон ережелерімен танысып, топтарға бөлінді. Бұл іс-шара қаланың барлық шағын аудандарын қамтыды. Атсалысқан бес команданың күшімен шамамен 700 кг қоқыс жиналды.
Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф. Балашов және Жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Хайрат плоггинг қатысушыларына алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.
Бұл туралы Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы хабарлайды.