8 июня, 2025
Жедел штаб ескертеді: Қостанайда 20-23 тамыз аралығында ауқымды оқу-жаттығу өтеді

Жедел штаб ескертеді: Қостанайда 20-23 тамыз аралығында ауқымды оқу-жаттығу өтеді

Қостанай облыстық өңірлік жедел штабы «Қалқан-2024» кешенді оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 20-23 тамыз аралығында әртүрлі іс-шаралар өтетінін хабарлады.

Облыста төтенше сипаттағы қауіп туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл дағдыларын меңгеруге арналған іс-шаралар өткізіледі.

Осыған байланысты өңірлік жедел штаб хабарлама таратты.

«Өңірдегі азаматтар тыныштық сақтап, тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенсе дейміз. Жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауын, қауіпсіздік шараларын сақтауын және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауын сұраймыз», – делінген хабарламада.