Балалардың ең қызықты мезгілі жаз. Жазғы демалыста олар алаңсыз асыр салып ойнайды. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің көбі лагерьге барады. Онда оқушылар балалық шақтың ең керемет сәттерін өткізеді.
Аманкелді ауданындағы “Шұғыла” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жазғы сауықтыру алаңы балалардың бос уақытын ұйымдастырып, оларға патриоттық тәрбие мен саламатты өмір салтын насихаттауда. Осылайша, балалардың әр күнін қызықты әрі пайдалы өткізіп келеді.
“Шұғыланың” жазғы сауықтыру лагері биыл да балалардың мүмкіндіктерін былтырғыдан одан әрі аша түсті. Түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар балғындардың шығармашылық қабілетін шыңдады. Балалардың белсенді қатысуы да көз қуантты.
-Мен үшінші жыл қатарынан осы лагерьге келіп жүрмін. Жарыстарға қатысып, әртүрлі ойындар ойнаймыз. Сосын ән айтып, би билейміз. Далада серуендеп, музейге барамыз. Апайларымыз да өте жақсы. Келер жылы тағы да осы жерге келгім келеді, – дейді Іңкәр Ерланқызы.
Әнет ЖҰМАБЕК,
“ШҰҒЫЛА” балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі
Амангелді ауданы