Ақпарат саласына осы жүйе біртіндеп еніп келе жатыр. Бүгінде осы құралдың көмегімен мамандарымыз қазақ тіліндегі ақпаратты жүйелеуге жетті.
Бұл жайлы журналистерге арналған тренингте медиатренер Асхат Еркімбай айтып берді.
“Әр редакцияның көрінбейтін роботтары бар. Ол түрлі ақпараттарды көп қолданушының ырқына қалай құпияларды жеткізіп отырады. Қазіргі уақытта біз жасанды интеллект арқылы қазақ тіліндегі ақпаратты жүйелеуге көштік”, – деді Асхат Еркімбай.
Ондағы ақпараттармен жалған деректер анықталады. Ол дата журналистиканың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйе адам құқықтары тапталған кезде өте маңызды.
“Дата журналистика мәселенің шешімін айтады. Сол арқылы картаға назар аударылып, жағдайды тұрақтандыруға қоғамның әсерін арттырады. Келеңсіз оқиғалардың қай кезде болғанын датаға негіздейді. Бұл ақпараттарды қазақ тілінде алуға қол жеткізіп отырмыз”, – деді медиатренер.