«Жас ұстаз – 2023» еліміздің ауылдық біліміне дем берді. 180-нен астам ұстаз туған мектептеріне көтеріңкі көңіл күй, кәсіби шабытпен оралды.
Биылғы «Жас ұстаз – 2023» бағдарламасының басты ерекшелігі – сұранысқа ие алаңда ауылда еңбек етіп жүрген табысты жас ұстаздар бас қосты. Олардың барлығы ауылдық білім берудің әлеуетін дамыту аясындағы жобаға қатысып жатқан тірек мектептерде жұмыс істейді.
– Жаңа оқу жылы басталмас бұрын жас мұғалімдердің республикалық форумын өткізудің өзектілігі сонда, олардың әрқайсысы өзінің жеке даму траекториясын білім берудегі әлемдік трендтермен салыстырады. Ауыл мектебінде жұмыс істеу – нағыз миссия екенін бәріміз түсінеміз, ал «Жас ұстаз» кәсіби дамудың жаңа кезеңін ашады, – деді делегаттарға қош келдің айтқан Білім беру жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабының комиссары Күләш Шәмшидинова.
Әр форумда «Галстуксіз кездесуге» оқу-ағарту министрінің келуі әдемі дәстүрге айналып барады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың экспромттары қанатты сөздерге айналып, форум делегаттары өздеріне түртіп алды.
Еліміздің бас ұстазының шын жүректен шыққан сөздеріне зал ду қол шапалақтады:
Делегаттардың әрқайсысы министрдің кәсіби жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар мына бір сөзін қайталауды армандайды:
– Менің өмірдегі барлық жетістіктерім оқушылардың арқасында ғана мүмкін болды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин жақсы бір мақалды еске салды: «Егер ынта бар болса, ғаламда қиын іс жоқ»
– Сондықтан біздің жас әріптестеріміздің ынта-жігері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оң нәтижеге қол жеткізе алады деп ойлаймын.
Ел үшін жеке жауапкершілік – бұл президент немесе премьер-министр болу емес, ол елге еңбек ету. «Галстуксіз кездесудің» екінші күні «Aitas KZ» холдингінің бас директоры,Білім беруді тұрақты дамыту қорының негізін қалаушыСерик Толукпаевтың табыс тарихы форумның барлық қатысушыларын шабыттандырды.⠀
–«Ауыл мектебі powered by NIS» менің ел алдындағы жеке жауапкершілігімнен туған.Бүгінде жоба ұлттық деңгей – тірек ауыл мектептеріне дейін өсті.
Кез келген жетістік көздегі оттан басталатынына сенімді «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов:
–Мен істедім, сіздің де қолыңыздан келеді. Жастық шақта кәсіби мансап пен толағай табысқа жетуге болады. Бұл менің табысқа жету жолындағы жеке формулам. Ал болашақ жетістіктердің басты көрсеткіші – көздегі от пен жүректегі жалын.
Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдердің Бірінші Азия паралимпиада ойындарының жүлдегері Азамат Оразбек, ғалым-зерттеуші, «Mbionics» компаниясының негізін қалаушы, бірегей экзоскелеттің авторы Мәулен Бектұрғанов, «бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері, балаларға арналған бокс секциясының жетекшісі Мұхит Амантаевпен кездесуден шабыттанған ұстаздар қаншама рет қол соққанын есептеу қиын! Олардың әрқайсысын өз замандастарына шабыт пен жігер бере алатын абсолютті мотивациялық көшбасшы деп атауға болады.
Форумда қазіргі кәсіби басымдықтарға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді: тиімді жоспарлау, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, эмоционалды интеллекті дамыту, мұғалім жұмысындағы зерттеулер, оқытудағы саралаулар, бағалау.
Армандағы мектеп – киіз үй болғанда, бұрышқа ешкім тұрмайды –
мұндай қорытындыға форум делегаттары болашақ мектептің ең батыл және шығармашылық үлгілеріне арналған педагогикалық квест барысында келді. Олар Ыбырай Алтынсарин атындағы «Қара шаңырақ», Саммерхилл және Монтессорр, Вальдорф, «Дальтон-план» мектептерін ғана емес, өздерінің манифесттерін де ұсынды.
«Мұғалім жұмысындағы зерттеулер» тақырыбы болса, ұлттық құндылығымыз – киіз үйдің ассоциациясымен керемет ұштасқан болатын: форум қатысушылары соның моделінде зерттеу сабағының жоспарын құрастырды. Шұғыла Қалиханова мен Күнсая Утешева өткізген шеберлік сабақта жас ұстаздар зерттеу жұмысын дайындау процесімен танысты. Алаңның тағы бір өзекті тақырыбы – «Өз эмоциямызды басқарып үйренейік». Қызжібек Абдраманова мен Сәуле Журунтаева өзіннің және өзгенің эмоциясын оқу, оларды басқару және олардың себебін түсіну жөнінде айтты. Дауыс тембрі, ым-ишара тілі, дене мүсіні, арома-имидж – бұл ұстаздың имиджін қалыптастырып қана қоймай, сабақ атмосферасын құратыны сөзсіз.
«Функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырып алаңының тренерлері Қаламқас Абдикаримова мен Талғат Мукутовтардың пікірінше, педагогтың басты мақсаты – білімді тіпті тәжірибеде емес, өмірде қолдануы. Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық анықтамасына дағды мен тәжірибе, талдау және түсіну, стандартты емес өмірлік жағдайлар мен сыни тұрғыдан ойлау ұғымдары кіреді.
Табыс синергиясын құру үшін мұғалім педагогикалық, мазмұндық және технологиялық білімді өз тәжірибесіне қалай кіріктіре алады? Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Ринат Рамазанов пен Бауыржан Ділманов TPACK Journey шеберлік сыныбында форум делегаттары үшін өзекті сұраққа жауап берді.
– Форумда оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлымен сұхбаттасу мүмкіндігі берілгеніне өте қуаныштымын. Бұл форум жас мұғалімдерді жаңа жетістіктерге ынталандырды деп сенімді айта аламын. Түрлі секцияларда жас ұстаздар тәжірибе алмасып, естімегенімізді тыңдауға мүмкіндік берді, алдағы уақытта жұмысымызды жүзеге асыруда туындауы мүмкін кейбір мәселелердің шешімдері айтылды, – дейді Ұзынкөл орта мектебінің мұғалімі Виктор Цирик.
Өте жақсы, отлично, excellent – форумның барометрі көрсетті. «Жас ұстаз – 2023» делегаттары форумға бес деген баға қойды.
Форум финалының леп белгісін «Сәттілікке ие бол» бірегей лотереясы қойды. Бірегейлігі сол, барлық жеңімпаздарға Педагогикалық шеберлік орталығынан вебинарларға сертификаттар мен еліміздің барлық мұғалімдері армандайтын Lessonbox қорапшасы табыс етілді. Бүгінде барлық форум делегаттары олардың әрқайсысының жолы болғанына сенімді, өйткені нағыз сәттілік – Жас ұстазға қатысу!
Алғашқы «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы 2022 жылдың тамыз айында Астанада өтті, содан кейін барлық өңірде аймақтық форумдар ұйымдастырылды.
Сұранысқа ие форумдар Педагогикалық шеберлік орталығының еңбек жолын енді бастаған мұғалімдердің кәсіби дамуы бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Орталықтың online.cpm.kz платформасында «Жас ұстаздың мектебі» ашық онлайн-курсы әзірленді, еліміздің әр өңірінде «Жасампаз жас ұстаз» клубтары құрылды, сондай-ақ «Шамшырақ» алаңы арқылы үздік жас ұстаздардың тәжірибесі таратылады.
– Бірінші «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы жас әріптестеріміз әр мектептің стратегиялық ресурсы екенін дәлелдеді. Олар қазіргі таңдағы білім беруге жаңа идеялар мен жаңа шешімдерді енгізеді, балаға қолайлы атмосфера мен цифрлық білім беру ортасын қалыптастырады. Сонымен қатар форум табысқа жету жолында ең креативті және табысты мұғалімдерді біріктіреді. Бүгін біз барлық өңірдегі ауылдық мектептердің атынан қатысатын екінші форумның қатысушылары да жаңа буынның кәсібилігіне сенім ұялататынына қуаныштымыз, – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Қабдыкәрімова.
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» – тағы да өзінің символдық атауын ақтады. Екінші республикалық форум елімізде жас мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа шығармашылық алаңы құрылғанын растады.
Келесі жылы «Жас ұстаз – 2023» делегаттары форумнан кейін өмірлерінің қалай өзгергенін және асыл армандарының барлығының шындыққа айналғанын айтып береді.
Абылай ҚАСЫМОВ