Жас мамандарға арналған бағдарлама осы жылы да жалғасын табады. Былтыр бұл бағдарлама пилоттық режимде іске қосылып, 350 млн теңгеге 36 несие рәсімделген.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Динара Ықыласова баяндады.
– Осы жылы бағдарлама облыстың барлық аумағында іске асырылады. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 1,1 млрд теңге қаржы бөлінеді, – деді ол.
Бағдарламаға 18 бен 35 жас аралығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Бағдарлама шеңберінде маман жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйге қол жеткізеді. Бастапқы жарнасы 10%, жылдық жарнасы 5%. Қатысушы он тоғыз жылға 15 млн теңгеге дейінгі үйлерді рәсімдеуіне болады.
Тұрғын үй салып жатқан аумақты инженерлік инфрақұрылмы үшін 12 млрд теңге бөлінген.
Сералы МЫРЗАБАЙ