6697 әскери бөлімінің 2-23 шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде Отан алдында Ант берді.
Әскери қызметтің ертеден келе жатқан өзіндік ерекшелігі бар ант беру рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ата-аналары, шақырылған қонақтар куә болды.
Әскери бөлім командирі полковник Абдиров Талғат Кәмілұлы жас сарбаздарға алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, Отан алдында ант берулерімен шын жүректен құттықтады.
Әскери бөлімнің ардагері, запастағы майор Құлмағанбет Лауянұлы:
“Құрметті азаматтар сіздер енді нағыз жігіттердің мектебіне келдіңдер. “Отан үшін отқа түс күймейсің” деп айтқан халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Өздеріңе жүктелген міндеттерді абыроймен атқарыңдар”,– деп тілек білдірді.