Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аппарат жиынында білім саласының басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Бұл жолы алқалы жиында өңірдегі орта білім беру ұйымдарының дамуы, жетістіктері және мәселелері көтерілді. Өңірде «Жас маман» жобасының іске асырылуы, колледж түлектерінің жұмысқа орналсу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Бүгінгі таңда техникалықжәнекәсіптікбілім беру ұйымдарының беделі жеткіліксіз болып қалуда, өйткені түлектердіңедәуірбөлігі (80%) жоғары оқу орындарынтаңдайды.Сондықтанмектептермен кәсіби бағдар беру жұмысыөзекті.Мұнда білім орындарына бару, колледждерге экскурсиялар, кәсіптік сынамалар жүргізумен қатар, аймағымыздың және еліміздің басқа өңірлерінің (Ақмола,Түркістан облыстары)14 мыңнан астам 9-11сынып оқушыларын қамти отырып, мыңға жуық мектебін аралапты. Өткен жылдан бері алғаш рет 10-11 сынып түлектеріне арналған эксперимент іске асырылуда.
– Екі колледж базасында (Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі) жұмысшы біліктілігі бойынша «Колледж-мектеп» эксперименттік білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл оқушыларға бір мезгілде орта және орта-арнаулы білім алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы эксперимент режимінде 30 жоғары сынып оқушысы жұмысшы мамандығын ала бастады. Биыл осы колледждерде үш мамандық бойынша тағы 45 оқушыны қабылдау жоспарлануда. Алғашқы нәтиже 2025 жылдың ақпанында болады деп күтілуде. Біз бұл жұмысты кеңейтеміз, – деді Айман Ибраева.
Облыс басшысы аудан-қалаларды аралаған сапары кезінде кейбір серіктестік басшыларының ауыл шаруашылығы және техникалық маман тапшылығын алға тартатынын айтты.
– Шаруашылық басшылары орта және арнаулы білім алған кейбір мамандардың әлсіз, дайындықсыз екенін алға тартады. Мәселен, өңірдің агроөнеркәсіп тауарларын өндірушілерінің тек он бірі ғана нысаналы кадр даярлауға келісімшартқа отырды. Бір жағынан шағымдарын айтып жатады, ал келісімшарт бойынша ештеңе тындырып отырған жоқ. Оларды да түсінбейсің, сынға алса – ұсынысын білдірсін, бір жақты отырып алып, қатыспау дұрыс емес, – деді Құмар Ақсақалов.
Облыс басшысы бизнес саласына, соның ішінде «Атамекен» палатасына да көңілі толмайтынын айтты. Кәсіпкерлік палатасы қай өңірге, қай салаға қандай маман, қанша маманның жетіспейтінін, жұмыс беруші тараптың материалдық-техникалық базасының сапасы жайында бес саусағындай біліп отыру керек.
– «Жас маман» бағдарламасы көптеген мәселелерді шешуге көмектесуі тиіс еді. Колледждерді дамытуға үш миллиард теңге бөлінді, 10 колледж құрал-жабдықтармен жабдықталды. Бірақ бәрі бірдей қаржыландыруға қол жеткізе алмады. Біз бұл мәселені толық зерттеп, қандай нәтиже болғанын түсінуіміз керек, – деп Құмар Ақсақалов жауапты мекемелерге тапсырма берді.
Айман Ибраеваның айтуынша, бүгінгі таңда «Жас маман» жобасын іске асырудың арқасында колледждерді заманауи жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыру шамамен 60%-құрайды.10 колледж базасында қазіргі заманғы оқу жабдықтарында және жаңа білім беру бағдарламалары бойынша 7 мыңнан астам студент оқиды.
Колледжтүлектерін жұмысқа орналастыруда оң үрдіске қарамастан, кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу өзектімәселе болып қала береді. Биыл бітірген студенттердің 6 605-і жұмысқа орналасты.
– Бұл мәселені шешу үшін екінші жыл қатарынан серіктес кәсіпорындардың өтінімдері негізінде мемлекеттік тапсырыспен кадрларды даярлау жүргізілуде. Бұл колледж, кәсіпорын және білім алушы арасында үшжақты шарт жасасу арқылы кепілді жұмысқа орналасу. Мәселен, екі жыл ішінде 42 кәсіпорынның өтінімдері бойынша 1400-ге жуық адам 23 колледжге нысаналы мемлекеттік тапсырыспен орналастырылды. Жаңа оқу жылында мыңнан астам студент нысаналы тапсырыс бойынша білім алушылар қатарын толықтырады. Сондай-ақ, кәсіпорындар саны елуге дейін көбейеді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ