Жарыс аяқталуға жақын

Жарыс аяқталуға жақын

Бүгін V-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәреге жетеді. Таңертеңнен бері тоқ бәйге, аламан, теңге ілу, жорға жарыс, қыз қуу тәрізді ат спорты ойындары өтіп жатыр.

Сағат 16.00-де этноауылда жарыстың жабылу салтанаты болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған көрермендер қатыстырылмайды. Тек, спортшыларға рұқсат етілген. Естеріңізге сала кетейік, 8-қыркүйектен бері Астанада әлемнің 89 елінен келген 2500 спортшы жиырма бір спорт түрінен сынға түсіп жатыр.

Әлібек Ыбырай

Жаңалықтармен бөлісу