Жарқын жобалар жастар үшін

Жарқын жобалар жастар үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қызметкерлері Қостанай облысында медиа, IT, білім беру, медицина және ауыл шаруашылығы саласының сарапшылар шеберлік дәріс өткізіп, жастарға арналған жобалармен таныстырды.

Қостанай педагогикалық колледжінде өткізілген «El umiti» қорының білім беру жобаларының роуд-шоуы ерекше оқиғаның бірі болды. Мұнда ең ауқымды әрі маңызды жобалардың таныстырылуы өткізілді.

            – Облыстағы мектептердің директорлары үшін арнайы роуд-шоу өткіздік. Білім беру мекемелеріне арналған жобаларымызды таныстырдық. Олар “Qabilet”, “Birge Oqý”, “Smart Ustaz” және “Тәуелсіздік дәуірі”. Жобаны «El umiti» қоры жүзеге асырады. Бұл жобалардың барлығы оқушының дамып, жетілуіне бағытталған, – деді “Балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту” орталығының жетекшісі Гүлім Жүсіпова.

Соңғы үш жылда «El umiti» жобасының 1928 үздік қатысушысы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, олардың 30%-дан астамы ауыл мектептерінің түлегі.

Қостанай қалалық №15 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұралы Арыстан жобалардың оқушы м ен ұстаз үшін тиімді екенін айтады.

            – Триненг барысында өзімізге тың ақпарат алдық. “Qabilet” жобасы арқылы біз оқушының бойындағы дарынды танып біле аламыз, ары қарай шығармашылыққа тәрбиелейміз. Педагог ескеруі керек артықшылықтар туралы айтылды. Сонымен қатар, “Smart Ustaz” жобасын да таныстырып жатыр. Бұл платформамен жұмыс істеп келемін. Әріптестеріме де платформа мүмкіншілігін пайдалануды ұсынар едім.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу