Оған ауданның әр ауылынан жүзден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Торғай селосының спортшылары ең көп ұпай жинап, екі күнге созылған жарыстың жеңімпазы атанды.
Тәуіш ауылы екінші орыннан көрінді. Үшінші орын былтыр аудандық спартакиада жеңімпазы атанған Аралбай ауылына бұйырды.
“Биыл бұл жарысқа командалардың ерекше дайындықпен келгені көрініп тұр. Былтырғы жеңісімізді алдағы уақытта қайталаймыз деген сенімдеміз”, – дейді Аралбай ауылының әкімі Әділжан Нысанбаев.
Осы спорттық шараның салтанатты рәсімінде аудан әкімі Шота Оспанов “Мерейлі отбасы” байқауының жүлдегерін марапаттады.
Биылғы бұл байқауды аудан бойынша Шеген ауылынан Сыздықовтар отбасы жеңіп алды. Екінші орынға ақшағанақтық Шалабаевтар отбасы, үшінші орынға сужарғандық Ерғалиевтер отбасы ие болды.