Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарды не қызықтырады? qazaq.today

Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарды не қызықтырады?

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. Сондай-ақ отбасылық мерекеде мол дастархан жайып, қонақ күтетіндер де бар. Бұл күндері сауда орындарының жұмысы ерекше қызады. Жалпы мереке қарсаңында ел қандай заттарды көптеп сатып алып жатыр екен? Тілшілеріміз осыны білмек болып, дүкендер мен базарларды аралап қайтқан еді.

Бұл күндері дүкен сөрелері түрлі мерекелік сыйлықтарға лық толы. Дегенмен, тұрғындар арнайы іздейтін заттар да бар. Соның бірі – караоке микрофондары. Саудагерлер олардың күніне 10 шақты данасын сатылады. Жаңа жыл қарсаңында саудасы қызатын тағы бір тауар – мейджик трек. Құрастырма жолдан зымыраған көліктер кез келген баланы қуантары анық. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

 

Жаңалықтармен бөлісу