Шетелдік инвестор, «AC Agro» ЖШС директоры Махмут Серкан Йылдыз дәнді-бұршақты дақылдарды өңдейтін зауыттың жұмысымен таныстырды. Инвестиция көлемі 24 млрд теңге.
Аталған зауыт Әуежай шағын ауданында орналасады. Кәсіпорын 100 мың тоннаға жуық өнімді қайта өңдеп, сақтай алады. Сондай-ақ, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
«Қайта өңдеу зауытының жалпы ауданы 9 гектар. Күнінен кемінде 400 тонна бұршақ дақылдарын шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір инвестициялық келісім-шартқа қол қою үшін бизнес-жоспар дайындап жатырмыз. Осыдан кейін дизайн басталады. Зауыттың құрылысы үш жылға созылады және үш кезеңде өтеді. Зауытты 2027 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Біздің компания сатып алу, логистика, ауыл шаруашылығы және жалпы сауда қызметі саласында белсенді жұмыс істейді. Жібек жолы арқылы әлемге жаңа құндылықтарды әкелуге ұмтылады. Жемісті қызметінің арқасында компанияның әлемдік аренада өз орны бар», – дейді «AC Agro» ЖШС директоры Махмут Серкан Йылдыз.
Сералы Мырзабай