Жаңа салық кодексі таныстырылды

Жаңа салық кодексі таныстырылды

Құзырлы министрліктер құжатты барынша жаңарттық дейді. Елімізде жалпы он екі салық болса, соның санын азайту көзделген.  Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында жарияланды.

Тағы бір жаңашылдық он жылдан асқан көлік үшін салық сомасы отыз пайызға, жиырма жылдан асқандар үшін елу пайызға төмендетілетін болады. Ең бастысы, жаңа салық кодексінде  зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөнідегі норма көзделген.

Десе де сән-салтанаты жоғары заттарға салық салуды міндеттеу жазылған. Жоспарлы салықтық тексерулер тоқтатылады. Жеке кәсіпкерлігін тоқтату ісін сот шешімінсіз жүзеге асыру ұсынылды. Жалпы салықтық жеңілдіктерді ретке келтіру және олардың көлемін кем дегенде жиырма пайызға қысқарту жоспарланған.

Жаңалықтармен бөлісу