Жаңа ашылулар жолында: ШҚТУ-да Қазақстан-Неміс ғылым және білім апталығы басталды    

Жаңа ашылулар жолында: ШҚТУ-да Қазақстан-Неміс ғылым және білім апталығы басталды   

Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да “Ғылым және білім: Қазақстан мен Германияның серіктестігі” атты іс-шаралар сериясы басталды. 

Аптаның елеулі оқиғасы – Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институты (ҚНҒжТ) жобасының тұсаукесері. ШҚТУ мен Қазақстан-Неміс университетінің (ҚНУ) бастамасы бойынша жоба ШҚТУ базасында жұмыс істейтін болады. институт елдер арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп, ғылым мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналмақ.

  – Қазақстан өндірісі үшін студенттерді бірлесіп оқыту туралы ойлану керек. Қазақстан жоғары оқу орындарын Германияның университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен біріктірумен ҚНУ айналысады. ШҚТУ Германия мен Қазақстан жетекші университеттерінің бірлескен жұмыс алаңына айналмақ, – деп есептейді Волрад Роммель.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

Жаңалықтармен бөлісу