Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасынан Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жан Даутов алтын медаль алды.
BMO – Еуропа елдері ұлттық мектеп олимпиадалары жеңімпаздарының халықаралық жарысы.
Биылғы олимпиадаға 15 ел қатысты. Оның қатарында Албания, Болгария, Кипр, Черногория, Румыния, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Сауд Арабиясы, Қазақстан және басқа да мемлекеттер болды. 40 ұпайдың 39-ын жинаған Жан Балқан математикалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды.

Бұл оның осы Олимпиададағы үшінші жеңісі және осы оқу жылындағы төртінші алтын медалі, оның 3-еуін халықаралық олимпиадаларда алған.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар екенін айта кетейік. Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді.
Облыстық білім басқармасы