«Қостанай таңы» редакциясына Қостанайда тұратын, екі баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана хабарласты. Үй жалдап тұрып келеді. Оның үстіне кенже баласы сырқат. Жиі ауырады.
Соңғы уақытта тамаққа тәбеті шамалы. Дәрігерлер 1 дәрежелі гипохромды-микроциттік анемия белгілері бар деген қорытындыға келген. Баладан жедел нефротикалық гломерулонефрит синдромы анықталып отыр. Осының салдарынан асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылған. Ол аллергияның гастроинтестинальды көріністерін, яғни іш қату, лейкемияға бірден-бір жол ашып, нәтижесінде созылмалы гастродуоденит диагнозы қойылды.
Әрі қарай ем алып, квотаға қою үшін әлі де анализдер тапсырып, дәрігер қорытынды жасауы қажет.
Балаларын қараусыз қалдыра алмайтындықтан, қазіргі уақытта жұмыссыз. Балалардың әкесі отбасын тастап кеткен, ешқандай көмек көрсетпейді. Әлеуметтік жағдайы төмен, пәтер жалдап тұрып жатқан Данагүл Шаймағамбетова халықтан көмек сұрайды.
Отбасының ай сайын алатын жәрдемақысының құны азғантай. Ол жұмыссыздық бойынша 6060 теңге, 522 теңге адрестік әлеуметтік көмек , 42500 теңге алимент ғана алады. Әрине, бұл әйелдің бір баласын киіндіруіне де, емдетуіне де, тіпті, балаларына азық-түлік алуға да жетпейтін қаражат.
Пәтерге төленетін ақша, азық-түлікке, балалардың киім-кешегіне кететін қаражаттан басқа да шығындар көп. Ең бастысы, уақыт өткізбей ем алу болып тұр. Балаларының екеуі де ер бала. Жеті және он алты жаста. Олар қаладағы №1 мектеп-лицейге барады. Жалғызбасты ананың науқас баласына диагноз қойдыру үшін толып жатқан анализдер тапсыруда. Өздігінен және таныстарынан қарыз алып, Олимпке күрделі анализдер тапсыруда.
Облыстық денсаулық сақтау бөліміне хабарласқаннан кейін өңірдегі бала гастроэнтерологы Близнецоваға жолдама беруге көмек көрсетті. Ал, ФГДС түсіруге өңірдегі балалар ауруханасында аппарат істемей тұрғандықтан олар өзідігінен «Жемчужина» жеке клиникасында түскен.
«Көршілес Ресейге барып емдеткім келеді. Ал квотаға кезекке қою үшін диагнозды нақты анықтау қажет. Ол үшін маған күрделі анализдер тапсырып, баланың асқазанын ФГДС-ке түсіру қажет. Олардың бәрі қаражатқа тіреліп тұр. Өзім үй жалдап тұрамын. Бұрын жұмыс істегенмін. Балам осындай халге түскеннен кейін уақытша жұмысты тоқтатып отырмын. Ақшалай көмек сұраймын», – дейді Данагүл Мырзабайқызы.
Қандай да бір көмек көрсете алатын жандар болса, мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: Анасы Данагүл Шаймағамбетова;
4400430209865473
Каспи банк
4405639751786839
Народный банк
Данагуль Ш(анасы)