Астана қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 16-18 маусымда өткен VII Әлем чемпионатында Қазақстан жекпе-жекшілері 21 алтын, 19 күміс, 21 қола медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатының алтындарын елімізге Медет Қожбанов, Ердәулет Жеңіс, Ілияс Мұхамедиев, Мәди Райхан, Дәулет Темірханов, Сергей Вальтер, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов, Бақытбек Баймұханбетов, Қайрат Мұканбеков, Санжар Жанбатыров, Аида Хайруллина, Шынар Кенжебаева, Сая Жанаева, Данияр Койшыбек, Сора Рахмонова, Ұлан Мұқашев және басқалары сыйлады.
Чемпионаттың күміс медальдарын Серік Абиров, Андрей Тирешин, Арай Мусина, Сая Әуелбекова, Аманбек Жаманқараев, Әлихан Сеитов, Айдын Үмбетов, Нұрсұлтан Бекбатшаев, Демей Бексұлтан, Хайдар Есенғалиев, Бек Насихатов, Сағыныш Асылбекова, Евгения Смоленкова, Бахтияр Муратбек, Аида Хайруллина, Диана Жұмагазиева, Сауран Арапбай және басқалар жеңіп алды.
Қола жүлдеге Әмина Шайменова, Шынар Кенжебаева, Әсел Жұмақаева, Шынар Баймурзина, Алексей Беліков, Сергей Бредихин, Ардақ Мадимұхаметов, Әділжан Авакри, Абылай Табанов, Саида Хасенова, Арман Ахашов, Владимир Саакян, Мақсат Бекмұхамбетов және басқалар ие болды.
Жалпыкомандалық есепте екінші орында – Ресей Федерациясы командасы, оның үлесінде 7 алтын, 7 күміс және 15 қола медаль бар. Медаль саны бойынша үшінші орында Өзбекстан құрамасы, оның қоржынында 7алтын, 6 күміс және 12 қола медаль бар.
Медальдық есепке енген командалар қатарында Молдова (1 күміс және 1 қола медаль),Қырғызстан (6 қола), Таиланд (3 қола) бар.
Әлем чемпионатына 32 елден 312 спортшы қатысты. «Жекпе-жек» түрінде әлем біріншілігінің медальдары үшін 17 салмақ дәрежесінде 118 ер адам және 43 әйел спортшы сайысты. «Өзін өзі қорғау» түрінде 16 салмақ дәрежесінде 129 ер және 32 әйел күш сынасты.