Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі есеп беру мерзімдері қысқаратынын хабарлады. Бұл валюта нарығындағы жағдайды жедел талдап, шара қабылдауға мүмкіндік бермек.
“Резидент еместердің валюта айырбастау операциялары қатаң бақылауға алынады, бұл алыпсатарлық пен заңнаманы айналып өтудің алдын алу үшін қажет”, – деп түсіндіреді Қазақстан Ұлттық Банкі.
Демек, тауар, қызмет, активте сату немесе дивиденд алу сияқты резидент еместердің операциялары стандартты тәртіпте жүргізілетін болады.
Бұдан былай айырбастау пунктері үшін валюта бағамдарына шек қойылады.
Ұлттық Банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары арасындағы ауытқушылыққа жол бермес үшін шек қоюды көздейтін қаулы жобасын әзірледі:
– АҚШ доллары 7 теңгеден аспауы керек.
– Еуро 10 теңгеден аспауы керек.
Бұл өзгеріс валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтып, қаржы нарығына қатысушылардың мүддесін қорғау үшін енгізілмек. Бұл шектеудің қолма-қол ақшасыз операцияларға қатысы жоқ.
Қаулы жобасын мына сілтемеден оқи аласыздар: legalacts.egov.kz