Қайғылы оқиға күні кеше Рудныйдағы ұн тарту кәсіпорнында болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұмысшылар ұн комбинатындағы бункерде қаза тапты. Оны тазалау кезінде төтенше жағдай болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Төрт жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Бункердің тереңдігі бес метр болады. Оқиға туралы 112 пультіне хабарланды.
“Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері өлім дерегі туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Диірменнің «Imperial Agro Group» ЖШС-не тиесілі екені мәлім болып отыр.
фото: instagram.com/iagorodkz