«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Жарысқа қатысушылар кеше таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы – 500 шақырым және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді мекені маңында аяқталды.
Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.
100 км:
- Жетісу облысы – 06:57:11
- Маңғыстау облысы – 07:30:48
- Алматы қаласы – 07:35:52
- Қостанай облысы – 08:18:54
- Жамбыл облысы – 08:24:30
- Астана қаласы – 08:35:16
- Қарағанды облысы – 09:24:28
- СҚО – 09:32:21
- Ақмола облысы – 09:53:57
- Түркістан облысы – 10:42:08
- Абай облысы – 10:45:39
- Ұлытау облысы – 11:14:30
- Павлодар облысы – 12:48:13
- «Рекорд» командасы.
300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
- Жетісу облысы – 19:41:06
- Маңғыстау облысы –20:13:16
- Алматы қаласы – 20:31:38
- Жамбыл облысы – 21:44:47
- Қостанай облысы – 21:48:55
- Астана қаласы – 23:08:36
- Қарағанды облысы – 23:49:23
- Ақмола облысы – 24:21:23
- СҚО – 25:09:07
- Түркістан облысы – 26:26:44
- Абай облысы – 26:29:16
- Ұлытау облысы – 28:13:15
- Павлодар облысы – 28:59:26
- «Рекорд» командасы.
Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық төреші, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығын қадағалап отыр.