Бүгін Ұлттық валюта күні. Еліміздің алтын діңгегі төл теңгеміздің айналымға енгеніне отыз жыл толды. Осы аралықта Қазақстан Ұлттық Банкінің облыстық филалы газетімізбен тығыз қарым-қатынаста.
«Отыз жылдық тарихы бар валютамызға байланысты өзерістер болса, Қазақстан Ұлттық Банкі филиалы мамандары алып-ұшып, біздің басылымға жариялайды. Ақшаның жаңа үлгілері айналымға еніп немесе айырбасталғаны туралы ақпараттар үнемі басылып шығады. Банк тарапынан түрлі алаяқтардан халықты сақтандыру туралы кеңестер тек газетімізде ғана емес әлеуметтік желілерде де жедел таратылады», – дейді «Қостанай таңы» ЖШС экономист маманы Гүлмира Есіргепова.
Жуырда Қазақстан Ұлттық банкінің Қостанай филиалының директоры Ғалия Жұмабаева «Қостанай таңы» газетінің ұжымына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі жөніндегі материалдарды уақытылы жариялап халықты экономика және қаржы саласындағы маңызды оқиғалар туралы хабардар ету жолында атқарған еңбектері мен ұзақ әрі жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын жеткізді, «Қостанай таңы» газетінің Директор-Бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызына «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Jeti qazyna» коллекциялық монеталарын табыс етті.
Еліміздегі барлық қаржыгерлерді төл теңгеміздің отыз жылдығына орай төл меркелерімен құттықтаймыз, алдағы күндерде сәттілік, жарқын жетістіктер тілейміз!