2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тараған еді. Осы жағдайға байланысты ҰҚК пікір білдірді.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.