Үкімет экономиканың өсіміне салынған инвестиция көлемін 9,6 трлн теңгеге бағалайды

Үкімет экономиканың өсіміне салынған инвестиция көлемін 9,6 трлн теңгеге бағалайды

Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша  Primeminister.kz редакциясының Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровпен болған  сұхбаттар топтамасында  айтылды.  

Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.

«Негізгі бөлігін 7 трлн теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестиция көздері алады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. “Самұрық-Қазына” мен “Бәйтеректің” барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейдегі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр, жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылуда. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.

Жаңалықтармен бөлісу