Үкімет басшысы Қостанайға келді

Үкімет басшысы Қостанайға келді

Бүгін Қостанайға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов келді. Ең алдымен Қостанайда салынып жатқан KIA зауытының құрылысымен танысқан Үкімет басшысы жұмысына оң баға берді.

«Бұл – Президенттің басты тапсырмасы. Біздің өндіріске қатысты әртүрлі идеялық жоспарымыз бар. Өндірісті дамыту қоры арқылы локализацияланып, зауыт құрылысы салынғаннан кейін, орта бизнестің шарықтауына үлес қосатындай өнім шығарылады. Зауыттың қуаттылығы ТМД нарығын қамтамасыз етуге жеткілікті. Мұндай өндіріс орны бұрын-соңды елімізде қолға алынбаған», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Бүгінде өндіріс орынының іргетасы тоқсан пайыз құйылған.

Жанынан жатақханасы да салынып жатыр. Жылына жетпіс мың көлік шығаруды жоспарлап отырған құрылыс алаңында үш жүз адам жұмыс істейді. Зауыт іске қосылғанда жағдайда мыңның сыртында жұмыс орны пайда болмақ.

«Біз бұл жерде өндіріспен ғана айналысып қоймай, инженер-технологтарды үйретіп шығарамыз. Инфрақұрылымымыз әртүрлі жабдықтармен қамтылатын болады. Бұл аймаққа ғана емес, республикаға экономикалық жағынан тиімді болмақ. ТМД бойынша нарыққа шығатын бірден-бір көлік маркасын дайындаймыз. Модельдеудің түрлі кластерін жүзеге асыру арқылы өндіріс көлемін арттырып, экономикаға жаңа серпін береміз. Дәл қазір құрылыс алаңында металл конструкция жұмыстары басталды десе болады», – деді зауыттың бас директоры Ким Де Ки.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу