“Үйге су” жобасы: 15 ауыл алғаш рет орталық сумен қамтылады

“Үйге су” жобасы: 15 ауыл алғаш рет орталық сумен қамтылады

Қостанай облысында «Үйге су» жобасы аясында 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған. Бұл жөнінде өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлімет берді.

– Биыл сумен қамту және жабдықтау бағытында жалпы құны 20,0 млрд теңгеге 77 жоба қолға алынды. Соның нәтижесінде, 15 ауыл алғаш рет орталық сумен жабдықтауға қосылады, 41 ауылда кешенді блок-модульдер мен су тарату бекеттері орнатылады, сонымен қатар 4 ауыл мен 4 қалада сумен қамту деңгейі жақсарады, – деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде іске асырылып жатқан «Үйге су» жобасы аясында 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған.

– Ауыл тұрғындарын сумен қамту көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша 90%-ға өседі. Облыс бойынша су желілердің тозуы 46,1%-дан 34,9%-ға төмендейді, – деп сендірді өңір басшысы.

ҚазАқпарат

 

Жаңалықтармен бөлісу