Биыл Жанкелдин ауданындағы жасөспірімдер және өнер мепктебінің жанынын ашылған балалардың “Балдәурен” жазғы демалыс орынына елуден артық бала қабылданған.
Мамандардың айтуынша, жаздағы бос уақытын лагерьде өткізуі Торғайдағы жылдағы дәстүр.
“Біздегі көптеген ән байқаулары жылда балалардың көптеп қабылдануына септігін тигізіп жатыр. Әртүрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балалардың оқу мен еңбекке деген ынтасын арттырып келеміз”, – дейді тәрбиеші Бибігүл Сұлтанова.
Бұл дәстүр балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелейді.
Олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайтады. Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары насихатталмақ.
“Балалардың басын қосып пикниктерге апарып тұрамыз. Сонда олар бір-бірімен танысып, лагерьдегі қызықтарымен ойындағысын білідіріп жатады. Өздеріне ұнаған ойындарымен бөліседі”, – дейді жасөспірімдер және өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Сәрсенгелдина.