Торғайда әйгілі спорт шеберінің құрметіне қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды

Торғайда әйгілі спорт шеберінің құрметіне қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды

Жанкелдин ауданында қазақ күресінен 2007-2008 жылғы кіші жасөспірімдер арасында тұңғыш спорт шебері Қонысқара Нұрғалиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған сайдың тасындай іріктелген 90 жас спортшы 46 және +82 салмақ дәрижесінде қатысып, өнер көрсетті.

            Қонысқара Нұрғалиев 1948 жылы 2 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қаратүбек орта мектебі есігін ашып, 1968 жылы осынау білімі ордасын үздік бітірген. 1969-1971 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышын өтеді.  Бұдан кейін Қонысқара ағаның Қаратүбек орта мектендегі ұстаздық өмірбаяны, қиын да қызықты  еңбек жолы басталды.  Қонысқара аға ұзақ жылдар бойы ұстаздық пен жаттықтырушылық жолында лайықты құрмет пен абыройға бөленген азаматтың бірі. 1968-1969жылдары еркін күрестен өткен Қостанай облысының чемпионы, 1972 жылы Арқалық қаласында қазақша күрестің Республика Чемпионатының күміс жүлдегері. 1973 жылы Арқалық қаласында Халық батыры Аманкелді Имановтың туғанына 100 жылдығы құрметіне өткен Республикалық біріншілікке Чемпиондық тұғырға шығып, сол кезде құрылғанына ек-үші жыл болған Торғай облысы бойынша қазақ күресінің Тұңғыш  спорт шеңбері атағына ие болды. Қонысқара Нұрғалиұлы Қаратүбек  мектебінде  ұстаздық жасап жүріп 1977-1982 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі Институтын бітіріп шықты. 1985 жылы Торғай облысының құрмет кітабына есімі жазылды.

Сүбелі іс-шараға ел атқа мінерлері, спорт сүйер қауымда қатысып, көзайым болды. Құттықтау үшін алғашқы сөз тізгінін аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы.

            – Біз бүгін жоғарғы деңгейдегі спорт ойынының куәгері болып отырмыз. Ежелден ақындар мен батырлардың өлкесі атанған Торғай жерінен талай текті азамат дүниеге келген. Соның бірі деп Қонысқара ағамызды айтуға болады. Ағамыздың атқарған істері көпке үлгі. Ол Торғайдан шыққан тұңғыш спорт шебері екені баршаға мәлім. Осы ретте айта кету керек аталмыш спорттық сайыс ауданымызда екінші мәрте өтіп отыр. Бірінші кезекте ауданымыздың алыстығына қарамастан келген спортшылар мен қонақтарға алғыс білдіремін. Осындай батыр ағамыздың жолын қуатын жас өркендер көбейе берсін, – дейді Еренбол Қайырбекұлы.

Аталмыш турнир облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы,  қазақ күресі Федерациясының ұйымдастыруымен ІІ-ші рет өткізілді. Сайысқа қатысқан 90 жасөспірімнің 35 жеңіс тұғырынан көрінді. Солардың бірі аманкелділік Жантөре Сапабеков. Онйың айтуынша, сайыс тартысқа толы болған.

– Жарыс өте жақсы денгейде өтті. Маған ұнады. Қарсыластарымның барлығы жақсы дайындықпен келген.  Алланың,  екінші ағайымның үздіксіз жаттықтыруының арқасында 1-ші орын алдым, – дейді 50 келі салмақта белдескен Жантөре.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Суреттерді түсірген автор

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу