Жанкелдин ауданы бойынша 2024 – 2025 оқу жылын барлығы 2040 оқушы аяқтады, оның 147 – і түлектер.
Жалпы, ауданда орта білім беру саласы бойынша 15 орта, 3 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар.
Оларда өткен «Соңғы қоңырау» салтанатына аудан басшылығы қатысып, түлектерге сәт сапар тіледі.
Мектеп бітіруші түлектердің 5-і «Алтын белгіге», 37-і «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында. Атап айтқанда: «Алтын белгі» аттестатына Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беру мектебінен – 2 оқушы, «Албарбөгет» ЖББМ — нен 2 оқушы және Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ – нен 1 оқушы үміткер.
Ауданда оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру – басты назарда. Осыған сай 842 оқушыны жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. Алғашқы кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан балалар қамтамасыз етіледі.
Мұрат Жүнісұлы Жанкелдин ауданы