“Тобыл” жартылай финалдың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті 

“Тобыл” жартылай финалдың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті 

Қостанайдың “Тобылы” футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында “Атырау” командасын қабылдады.

Ойын алма-кезек екі жақтың толассыз шабуылдарымен өрбіді. Қостанайлық ұжым қарсыласының қарымта шабуылдарға шығуына жол бермеді. Ойынның 36 минутында “Атыраудың” қорғаушысы айып алаңында Ислам Чесноковты шалып жықты. Оған төреші сары қағаз беріп, “Атырау” қақпасына он бір метрлік айып добын белгіледі. “Тобылдың” жартылай қорғаушысы Ахмед Әл-Мессауди мүлт кеткен жоқ. Екінші таймда қонақтардың жауапты голын төреші есепке алмады. “Тобыл” қорғаушысы Еркін Тапалов Жаслан Жұмашевтің керемет пасын сәтті пайдаланған. Оған төрешілер араласты. Бұл жерде допты берген Жаслан ойыннан тыс қалған. Сексен бесінші минутта Ахмед Әл-Мессаудидің бұрыштан баспен берген пасын осы Жұмашев басымен қақпаға тоғытқан. 2:0 есебі тіркеліп, допты ойыншылар ортадан қайта қосқан. Алайда WAR төрешілері ойын есебіне өзгеріс енгізді. Жұмашев осы допты соғатын кезде құлап бара жатып, қолымен жанасқан көрінеді. Нәтижесінде “Тобыл” 1:0 есебімен жартылай финалдың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Енді маусымның 19 жұлдызында жауапты ойын өткізу үшін “Атырауға” қонаққа барады.

Жаңалықтармен бөлісу