“Тобыл” – “Қайсар” командаларының ойыны қайырымдылық мақсатымен өтеді

“Тобыл” – “Қайсар” командаларының ойыны қайырымдылық мақсатымен өтеді

Қостанайлық “Тобылдың” “Қайсар” командасымен өтетін ойыны Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесіне арналғалы отыр.
Ертең, 1 маусым күні сағат 19:00-де қостанайлық “Тобыл” футбол командасы Қызылорданың “Қайсарымен” кездеседі. Теңбіл доп бәсекесіне билеттер сатылып жатыр. Билеттен түскен қаржы балалар үйіне аударылмақ. Әрі футбол тамашалап, әрі қайырымдылық шарасына атсалысуға жақсы мүмкіндік туып тұр!

“Ел біріншілігінің 10-турында Қостанайдың «Тобылы» Қызылорданың «Қайсарымен» кездеседі. Клуб басшылығының шешімімен, бұл матч Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып отыр. Бұл күні балалар стадионға тегін кіреді. Ал батыс мінберіндегі орындардың билеттерінен түскен қаражат толығымен балалар үйіне аударылады.
Билет алып, бүлдіршінге қажетті заттарды алуға көмектесе аласыз! Билеттер fctobol.kz сайтында қолжетімді”, – делінеді “Тобыл” ФК ұжымының хабарламасында.

Жаңалықтармен бөлісу