“Тобыл” лига кубогында алғашқы үш ұпайға қол жеткізді 

“Тобыл” лига кубогында алғашқы үш ұпайға қол жеткізді 

Қазақстан футбол лигасы кубогының екінші турында “Тобыл” “Ақтөбені” қабылдады. Осы жерде айта кету керек, алаңда екі команданың қосалқы құрамы өнер көрсетті.

Ойынның жиырма тоғызыншы минутында жартылай қорғаушы Бейбіт Ғалым мен Родослов Цоневтің комбинациясы сәтті жүзеге асты. Бейбіттің тамаша пасын болгариялық ойыншы голға айналдырды. Кездесудің екінші бөлігінде шабуылшы Нұрбол Жұмаделов екі қорғаушыны алдап өтіп, қостанайлық команданың сапындағы алғашқы добын соқты. Шамамен алпысыншы минутта қонақтар есеп айырмасын қысқартқан. Алайда пасты алған шабуылшы голының алдында “Тобылдың” қорғаушысына қарсы тәртіп бұзды. Сол себепті ол гол есепке алынған жоқ. Осылайша, қостанайлықтар екі доп айырмасымен жеңіске жетіп, в тобында екінші сатыға көтерілді. Бұл топта астаналық “Жеңіс” командасы алты ұпаймен көш бастап келе жатыр.

Сурет “Тобыл” футбол клубының ресми сайтынан алынды 

Жаңалықтармен бөлісу