8 июня, 2025
«Тобыл» футбол клубы бүгінгі ойынның өтпейтініне қатысты пікір білдірді 

«Тобыл» футбол клубы бүгінгі ойынның өтпейтініне қатысты пікір білдірді 

Бұған дейін «Ордабасымен» болатын «Тобылдың» ойыны кейінге шегерілгені Қазақстан футбол федерациясы тарапынан ресми хабарланған еді.

«Құрметті жанкүйерлер, футбол қауымдастығының өкілдері!«Тобыл» ФК матчтың басталуына 5 сағат қалғанда кәсіпқой клубтар жарыстарын ұйымдастыру дирекциясынан «Ордабасы» клубына қарсы ойынды форс-мажорлық жағдайларға байланысты белгісіз мерзімге ауыстыру туралы хат алғанын хабарлайды. Бұл ұйымдастыру жұмыстарына елеулі қиындықтар туғызды, өйткені матчты өткізуге көптеген мемлекеттік қызметтер мен өзге де құрылымдар алдын ала дайындалып қойған болатын. Біз ойынның бір күнге, яғни 19 мамырға ауыстырылуын қарастыруға дайын едік. Бұл «Ордабасы» клубына Қостанайға уақытылы жетуге және балама көлік құралдарын қарастыруға мүмкіндік берер еді. Өз тарапымыздан осы жағдайды шешуге көмектесіп, қарсылас команданың логистикасын жеңілдетуге барынша қолдау көрсетуге дайын болдық», – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, матчты соңғы сәтте ауыстыру – біздің жанкүйерлерімізге деген құрметсіздік. Билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен.

«Біз «Ордабасы» клубының Қостанайға кешігіп келуін форс-мажорлық жағдай деп санамаймыз. Қарсылас команданың логистиканы алдын ала жоспарлауға мүмкіндігі болды. Құрметті костанайлықтар! Билет сатып алған барлық жанкүйерлерге олардың ақшасы толық көлемде қайтарылады. Кез келген жағдайда бізді түсініп, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», – деп хабарлады футбол клубы.