Қостанайдың “Тобыл” футбол командасы бас бапкерімен келісім-шартты ұзартты. Қос тарап алдағы маусымға команданы Милич Чурчич қайта жаттықтырады деп шешім қабылдады.
«Біз Милич Чурчичпен келісім-шартты ұзартқанымызға өте қуаныштымыз, өйткені біз жаттықтырушы мен командаға толық сенеміз. Өткен маусымда аяқтамаған жұмысты алдағы маусымда бірлесіп аяқтауымыз керек. Жаттықтырушы бәсекеге қабілетті команда құрып, клубымызды жоғары нәтижелерге жетелейді деп сенеміз. Жанкүйерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді!» – деді клубтың құрылтайшысы Әлімжан Қалдияров.
Естеріңізге сала кетейік, серб маманы қостанайлық клубты 2023 жылдың қаңтарында баптай бастады. Сары-жасылдармен бірге Милич Чурчич Қазақстан Кубогін жеңіп алды.