Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының 18 тур аясында Қостанайдың “Тобылы” қызылордалық “Қайсар” командасын қабылдады.
Бұл ойын ауа райының бұзылуына байланысты сәл кейінгі шегірілген. Жауынның салдарынан қос қарсыласқа емін-еркін ойнау қиынға соқты. Алаң иелері қосалқы құраммен шығып, басымырақ болды. Жүйелі шабуылдарға көбірек иек артты. Бірақ шабуылды аяқтауға келгенде жолы болмады. Қонақтар қостанайлықтардың қателіктерін жақсы пайдаланды. 12, 71 минуттарда “Қайсар” сапынан Өркен Махан мен Василий Совпел голдың авторы болды.
Сурет “Тобыл” футбол клубының ресми сайтынан алынды